Сотпен орындалған құрылыс жұмыстары үшін қарыз сомасы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы «Научно-исследовательский институт типового и экспериментального проектирования («Институт жилища)» ЖШС мен  «А» ЖШС-і арасында шарт жасалған, оған сәйкес талапкермен «Астана қаласындағы жаңа өндіріс аймағындағы инфрақұрылыс құрылысы» объектісі бойынша жұмыс жүргізілген.

Жауапкер өз кезегінде орындалған жұмыста қабылдап, ақы төлеуге міндеттенді.

Қол қойылған актілеріне сәйкес жұмыс 20 324 380 теңге сомасына орындалған, алайда жауапкер соманың тек бөлігін ғана төлеген, соған байланысты талапкер қарыз сомасын өндіріп алу туралы талаппен Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Сот шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына қалған қарыз сомасы өндіріп алынды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі