Сот залал сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылы күзет агенттігі мен елордалық компания арасында шарт жасалған, шарт міндеттері бойынша агенттік тапсырыс берушінің нысан аумағында күзет қызметін көрсетуге міндеттенді.

2017 жылы мамыр айында күзетулі нысанда тапсырыс берушінің иелігі ұрланған. Соған байланысты, күзет агенттігіне тапсырыс берушіден наразылық түсті.

 Ұрлық фактісі бойынша, күзет агенттігімен ішкі тергеу жүргізілген. Тергеу нәтижесі бойынша ұрлық жасалған кезде екі күзетшінің кезекте болғандығы анықталды, олармен алдын ала еңбек шарты және толық материалды жауапкершілік туралы шарт жасалған.

Астана қаласы Алматы аудандық соты агенттіктің екі күзетшісінен ынтымақтастық тәртібінде залал сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.  

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі