Сот зақымдалған автокөлік үшін залалды өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 «Тойота» маркалы автокөліктің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, «Лексус» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, зардап шегушінің автокөлігіне зақымдалған қосалқы бөлшектерін ауыстыру бойынша міндеттемелерді қабылдаған, ол қолхатпен расталады.

Алайда жауапкер өз міндеттерін уақытылы орындамаған, осыған байланысты, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына 627 800 теңге көлемінде материалды залал сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі