Сот төрелігі Академиясының магистранттарына арналған оқыту семинары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Сарыарқа аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 29 тарауы тәртібімен азаматтық істерді қарау ерекшеліктері» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Оқыту семинары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жанындағы сот төрелігі Академиясы магистранттары үшін өткізілді.

Кездесудің модераторы ретінде Астана қаласының әділ сот жүйесін институционалдық нығайту жобасы бойынша пилоттық соттарды қолдау жөніндегі консультант (кеңесші) А.Жаманова сөз сөйледі.

А.Жаманова магистранттарға мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың іс-әрекетін және шешімдерін даулау бойынша азаматтық істерді қарау тәртібін түсіндірді.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар аталған санаттағы сот практикасының өзекті мәселелерін талқылады. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі