Сот шешімін орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы шілде айында көші-қон полициясының қызметкерлерімен бұрын Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шығарып жіберу мен  әкімшілік жауапкершілікке тартылған Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталған.

Сот отырысында анықталғандай, ер адам сот актісі заңды күшіне енгеннен бері бес күн ішінде материалдық мүмкіндікке ие бола тұра, өз еркімен Қазақстан Ресспубликасы аумағынан кетпеген. Осылайша, ол шығару туралы сот шешімін қасақана орындамаған және Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен ер адам ҚР ҚК 393 бабымен қылмыстық іс-әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасынан тысқары  шығарып жіберумен бірге 25 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі