Сот оқуға жұмсалған соманы өндіріп алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола колледжі АҚ-ның» ЖШС және аз.М-ның арасында ақылы негізде жүзеге асырылатын білім беру қызметін көрсету бойынша келісім шарт жасалған.

Шартқа сәйкес, аз.М білім беру қызметтеріне дер кезінде ақы төлеуге міндеттенген.

Алайда, колледж директорының бұйрығымен жауапкер сырттай оқудан шығарылған, осыған байланысты ол оқу ақысын төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен бұрынғы студенттен қарыз сомасы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі