Сот мемлекет меншігіндегі жер телімін босатуға міндеттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Астана қаласы Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ сотқа жеке кәсіпкерден жер телімін мәжбүрлеп босату туралы талабымен жүгінді.

Сот отырысы кезінде жер телімін тексеру нәтижесі бойынша мемлекеттік инспектормен мемлекет меншігіндегі жер телімін, құқық белгілеуші құжаттар мен сәйкестендіру нөмірінсіз заңсыз алу фактісі анықталған.

Алайда кәсіпкер қазіргі уақытқа дейін заңсыз алынған жер телімін босату бойынша міндеттемелерді орындамаған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды қанағаттандырып, мемлекет меншігіндегі жер телімін босатуға ЖК-ні міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі