«Сот кабинеті» ақпараттық жүйесін қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының мамандарымен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Сот кабинеті» жүйесі арқылы арыз, өтініш және өзге де құжаттарды тәуліктің кез келген уақытында сотқа жолдауға болады. Бұл үшін пайдаланушыға компьютер, электронды сандық қол және интернет керек. Оның үстіне, жіберуші сол уақытта құжатты жіберу туралы талонды электронды түрде соттың атауы, тараптар, күні және жіберу уақытымен алады.

«Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі біртіндеп қағаз басты құжат айналымынан бас тартып, өз кезегінде, электронды сот өндірісі дамуының жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік береді.                                                                                                                                 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі