«Сот кабинеті» ақпараттық сервисін пайдалану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында «Otau Development Group» ЖШС-нің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек стол барысында судья Қ.Тобағалиұлы сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі іске қосылғандығын атап өтті.

Электронды-сандық қолы бар пайдаланушы, аталған жүйе арқылы сотқа жүгіну, арыздану, шағымдану және тағы да басқа құжат жолдай алады, сонымен қатар сот актілерімен таныса алады.

Кеңсе меңгерушісінің м.а. М.Абильдинова сот жүйесінің қолжетімділігі азаматтық қоғам қалыптастыруға бағытталған, деп атап көрсетті.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі