Сот актілерін орындау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Г.П.Насирдинов, кеңсе меңгерушісі, Астана қаласы Әділет департаменті және сот орындаушылар палатасының өкілдері қатысты.

Жұмыс барысында Г.П.Насирдинов атқару парағын жеке сот орындаушылары палатасына жолдау мен оның мерзімі және сот  актілерін орындау барысында кездесетін мәселелерді атап өтті.

Сонымен бірге, қатысушылар атқару парағын қайтару негіздері мен атқару өндірісі бойынша мәселелерді талқылады.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі