Сот «Ақкер Сервис»ЖШС-ны банкрот деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында "Ақкер Сервис" ЖШС-ын банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

ЖШС-ның негізгі қызметі тұрғын емес ғимараттарды салу болып табылған.

Сотта кәсіпорынның мүлкі және банк шоттарында ақша қаражаттарының жоқ екендігі, сонымен қатар қазіргі уақытта борышкердің ешқандай қызметті орындамайтындығы анықталды.

Онымен қоса, компанияның 8 млн.теңге көлемінде несие берешегі бар.

 «Оңалту және банкроттық туралы» Заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес борышкердiң дәрменсiздiгi оны сот тәртiбiмен банкрот деп жариялау үшін негiз болып табылады.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты «Ақкер Сервис» ЖШС –ны банкрот деп таныды.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі