Сот 3 млн.теңге залал сомасын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

2017 жылы 9 наурызда «Hyundai» маркалы автокөлігінің жүргізушісі «BMW» маркалы автокөлігіне соғып, иесіне айтарлықтай залал келтірген.

Астана қаласының мамандандырылған ауданарлық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы ЖҚЕ-ні бұзғаны және жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Жауапкердің сақтандыру компаниясы көлік иесі залалды өтеу үшін млн.теңгеден астам қаржы аударған, алайда сарапшының қорытындысына сай қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарының бағасы 4 млн. астам теңгені құраған, соған байланысты, соңғысы Астана қаласы Есіл аудандық сотына залал сомасын өндіру талап арызымен жүгінді.

Сот шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына 3 млн. теңге көлемінде залал сомасы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар