Әскери сарбаз бұйрыққа бағынбады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Г.Қайдарова Астана қаласы ҚР ІІМ 5573 Әскери бөлімінде бұйрыққа бағынбаған қатардағы жауынгер А.-ға қатысты көшпелі сот отырысын өткізді.

Сот отырысы әскери полиция қызметкерлері, әскери бөлім басшылары мен барлық жеке құрамның қатысуымен өткізілді.

Сарбаз ротадағы кезекші кіші сержанттың бұйрығын орындаудан бас тартқан.

Өз әрекетімен сарбаз ҚР  ӘҚБтК-нің 652 бабының 6 бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасады.

Сот қаулысымен сарбаз Ақмола аймақтық гарнизонының әскери полиция жасағының гауптвахтысында 15 тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі