Сарыарқа аудандық сотында түсірілім өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазіргі жаңару үстіндегі әлеуметтік-экономикалық талпыныс жағдайында судьялыққа үміткерлердің кәсіби дайындығы үнемі арту үстінде болуы тиіс.

Осылайша, кәсіби білімдері мен соттық дағдылығын  арттыру мақсатында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында жаңадан тағайындалған судьялардың, судьялыққа үміткер-тағылымгерлер мен Қазақстан Республикасы сот төрелігі Академиясы магистранттардың қатысуымен азаматтық процесті жүргізу жөніндегі оқыту фильмінің түсірілімі өтті.

Түсірілімдер Астана қаласының әділ сот жүйесін институционалдық нығайту жобасы бойынша пилоттық соттарды қолдау жөніндегі консультант (кеңесші) А.Жаманованың және Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ж.Дүйсенованың басшылығымен өткізілді.

Академия магистранттары қойылымдық сот отырысын мемлекеттік органның іс-әрекетін даулау туралы азаматтық іс бойынша өткізді.

Тәлімгерлер жаңа  азаматтық-процестік заңнаманың нормаларына сәйкес азаматтық сот өндірісін тәжірибелі жүргізудің  пайдалы  кеңестерінен құлағдар болды.

Іс-шара соңында магистранттар іс бойынша сұрақ қойып, жұмыс істеп жүрген судьялармен қаралған істер бойынша пікір алмасты.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі