Сапасыз тауар үшін ақшаны қайтару

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылы елорда тұрғыны тиісті соманы төлеу арқылы көлігіне автобөлшек сатып алған, бірақ орнатқан кезде оның істен шыққаны анықталды.

Сатушы тауардың жоқтығына сілтеме жасап, оны ауыстыруға бас тартқан және төленген соманы қайтармаған.

ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңына сәйкес, егер тұтынушы тауардың кемшіліктерін тапқан және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда, сатушы  (дайындаушы) оны дереу ауыстыруға міндетті.

Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі