Полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны үшін 20 тәулікке қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы 31 маусымда Т. «Opel Vectra» автокөлігін басқара отырып, полиция қызметкерлерінің бекітілген тәртіпке сай, алкогольдік сараптамадан өту туралы талаптарын орындамаған.

Оған қоса, ҚР ІІМ автоматтандырылған базасының, сонымен бірге Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының анықтамасына сәйкес, құқық бұзушыда көлік құралдарын басқару құқығы, жүргізуші куәлігі болмаған.

Атана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Т. ҚР ӘҚБК-нің 613 бабының 9 бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 20 тәулікке қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі