Мемлекеттік тілдің дамуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Мемлекеттік тілдің дамуы» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі және сот мамандары қатысты.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі Ғ.Тәжімбетов «Мемлекеттік тілді дамыту – Қазақстанның әрбір азаматының борышы» атты тақырыпта баяндама оқыды.  Өз баяндамасында кеңсе меңгерушісі, қазіргі замауи жағдайда мемлекеттің болашағы тікелей ұлттық құндылықтар жүйесін қолдау мен қорғаудағы  мемлекеттің қабілетіне байланысты екенін айтты.Мемлекеттің ұлттық  қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі мемлекеттік тіл болып табылады.

«Мемлекеттік тіл – мемлекет аумағындағы бүкіл қоғамдық қатынастардың барлық салаларында әрекет ететін, іс жүргізу және сот ісін жүргізу, заң шығару, мемлекеттік басқару тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі болып табылады, және мемлекет пен қоғамның онсыз өмір сүруі мүмкін емес»,- деді Ғани Тәжімбетов.

Семинар соңында қатысушылар мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.        

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі