Құрылыс компаниясы мен елорда тұрғыны арасындағы келісім жарамды деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2012 жылы елорда тұрғыны құрылыс компаниясымен инвестиция келісімін жасаған, шарт бойынша инвестор нысанды салуға инвестиция құяды, ал құрылыс компаниясы құрылыс аяқталған соң және пайдалануға берілгенде инвесторға қабылдау-беру актісіне сәйкес пәтер беруге міндеттенген.

Сот отырысында анықталғандай, инвестор толық ақысын төлеу арқылы өз міндетін толық орындаған,  көшіп келіп, іс жүзінде пәтерді пайдаланып отыр.

Алайда құрылыс компаниясы басшысының қайтыс болуына байланысты сату-сатып алу келісім шартын жасау мүмкін болмай отыр.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талапты қанағаттандырып, келісімді жарамды деп таныды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі