Құрылыс фирмасы қызметкеріне берешек сомасын төлейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құрылыс фирмасының қызметкері Астана Сарыарқа аудандық сотына «N» ЖШС-нан жалақы бойынша берешекті өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Жұмыс беруші жарты жыл бойы Астана қаласындағы «Abu Dabi Plaza» нысанында жұмыс істеген қызметшіге жалақы төлемеген.

Сондай-ақ,  талапкердің жеке зейнетақы шотының көшірмесіне сәйкес, 2016 жылдың қаңтар және маусым айлары аралығында оның шотына жұмыс берушімен міндетті зейнетақы жарнасы аударылмаған.

Сот шешімімен талапкердің пайдасына жауапкерден 573 140 теңге көлемінде жалақы және міндетті зейнетақы аударымы бойынша 40 690 теңге берешек сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі