Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысына сот төрағасы мен судьялар, кеңсе меңгерушісі, сот мамандары, сонымен бірге «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» ҚБ-ның өкілдері қатысты.

Қатысушылар Қазақстандағы гендерлік жүйені және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі