Қатардағы сарбаз жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы О.С.Шалабаев ҚР ІІМ 5573 Әскери бөлімінде көшпелі сот отырысын жүргізді.

Сот отырысына әскери полицияның қызметкерлері, Әскери бөлімнің басшылары мен барлық жеке құрам қатысты.

Сотта қатардағы сарбаз Т. кезекші сержанттың бұйрығын орындаудан қасақана әдейі бас тартқаны анықталды, соған сәйкес, сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 652 бабының 6 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.  

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі