Кафедегі кешкі астың салдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азамат Б. Астана қаласы Есіл аудандық сотына қоғамдық тамақтандыру компаниясынан материалды және моральды шығынды өндіру туралы талар арызбен жүгінді.

Сотта аз. Б.-ның отбасымен елордалық кафелердің бірінде кешкі ас ішкені анықталды.

Дәл осы түні аз.Б. кіші ұлымен сальмонеллез, гастроэнтероколитикалық түрдегі,  ауыр жағдайдағы, 2 дәрежелі эксикозды таксикоз диагнозымен ауруханаға түседі.

Бала бір апта стационарлы ем алған, ал аз.Б. амбулаторлы ем алу үшін 2017 жылдың 26 қаңтарынан 28 ақпан аралығында жалақысы сақталмайтын демалыста болған.

Тексеру барысында компания тарапынан санитарлық талаптардың бұзылғандығы анықталды.

Осыған байланысты, компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықтың санитарлы – эпидемиологиялық әл-ауқаты саласының заңнама талаптарындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.

Сот отырысында тараптар адвокаттарынан дауды партисипативті рәсіммен шешу келісімі туралы ходатайство келіп түсті, сол себепті, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі