Есіл аудандық сотында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Есіл аудандық сотында сот судьяларына семинар өткізілді.

Іс шараға Астана қалалық сотының судьясы Фарида Құрманова және аудандық соттың судьялары қатысты.

Семинарда 2017 жылғы 11 шілдедегі № 91-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талқыланды.

Фарида Құрманова Қазақстан Республикасының  Азаматтық процестік Кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне енгізілген өзгерістерді атап өтті және сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру мақсатында бірыңғай тәжірибені қолдануды ұсынды.

Семинар соңында судьямен соңғы өзгерістерді қолдану бойынша ұсыныстар жасалды. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі