Ер адам есірткі заттарын сақтағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

           Бірлескен алдын алу іс-шаралары барысында ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлерімен аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін ер адам ұсталды. 

         Сарапшының қорытындысына сәйкес алынған зат 14 килограммнан асатын гашиш болып табылды.

         Есірткі заттарын ер адам одан әрі пайдалану мақсатында сақтаған.

         Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың үкімімен ер адам жасаған қылмысы үшін ҚР ҚК 297 бабының 3 бөлігінің 3 тармағымен кінәлі деп танылып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

         Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі