Электронды сот өндірісі және татуласу рәсімдерінің артықшылықтары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Есіл аудандық сотында медиативті келісім түріндегі дауларды шешудің баламалы тәсілдерін және «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің артықшылықтарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға сот төрағасының м.а. Р.Мажитов, судьялар және «Есіл» ауданы әкімдігінің бөлім басшысының м.а., әкімнің кеңесшісі, «Есіл» басқарма органдарының бірлестігі» ЗТБ-ның төрағасы мен орынбасары, заңгерлер қатысты.

Іс шараны ашқан Р.Мажитов республика соттарында тұтастай және жекелеген санаттағы істер болсын, медиативті келісім арқылы аяқталған істердің артқанын айтты. Сонымен бірге, соттарда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және қағазсыз құжат айналымына көшу белсенді насихатталуда.

Іс шара қатысушылары «Сот кабинеті» электронды сервисін қолдану туралы ортақ шешімге келді.   

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі