Баласының бұзақылығы үшін ананың жауапкершілігі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ата – аналар өз балаларының тәрбиесі мен дамуы үшін жауапты болып табылады. Алайда,  көбіне ата-аналардың өз міндеттеріне салғырт қарауы  жағымсыз салдарға әкеліп соғады.    

Кәмелеттік жасқа толмаған бала колледж аумағындағы балаларға арналған ойын алаңында шекілдеуік шағып, қабығын жерге тастаған.

Кәмелеттік жасқа толмаған бала өз әрекетімен қоғамдық орынды ластап, шағын бұзақылық жасаған.

Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен кәмелеттік жасқа толмаған баланың анасы ҚР ӘҚБтК-нің 435 бабымен кінәлі деп танылып, 7 АЕК айыппұл көлемінде әкімшілік жауаптылыққа тартты.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі