Баланы дұрыс тәрбиелемегені үшін ата-анаға айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кәмелет жасқа толмаған баланың әкесі Б. спирттік ішімдік ішіп, жанжал тудырып,   тәрбие және білім беру бойынша өз міндеттерін орындамаған.

 «Бала құқығы туралы конвенцияның» 27 бабының 2 бөлігіне сай, баланы тәрбиелеп отырған  ата-анасы немесе өзге тұлғалар, өзінің қабілеттері мен қаржылай мүмкіндіктеріне қарай, баланың дамуына қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікке ие.

Астана қаласының кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Б. ҚР ӘҚБтК-ның 127 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 7 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі