Ата–ана міндетіне салғырт қараудың салдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аз.К. кәмелеттік жасқа толмаған балалардың заңды өкілі бола тұра, спиртті ішімдік ішіп, балаға тәрбие және білім беру бойынша өз міндеттерін орындамайды.

Кәмелетке толмаған балалар көп уақыт анасының қарауынсыз қалып, мектептегі сабақтарынан жиі қалады.

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен кәмелеттік жасқа толмаған балалардың анасы әкімшілік жауапқа тартылып,  ҚР  ӘҚБтК-тің 127 бабының 2 тармағына сәйкес 7 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі