«Астана Тазалық» қызметкері тұрмыстық қалдықтарды тыйым салынған орынға төккен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2008 жылда аз.Б. серіктестікке жүргізуші лауазымына жұмысқа тұрған.

2016 жылдың 7 маусымында жауапкер жұмыс берушінің автокөлігін басқара келе, Астана қаласында орналасқан «Лазурный квартал» ТК жанында қалалық суағысқа тұрмыстық қалдықтарды тыйым салынған орынға төккен.

Құқық бұзушылық салдарынан серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 106 050 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Жұмыс беруші айыппұл мөлшерінің 50% төлеген, қалған айыппұл сомасын қызметкердің еңбек жалақысынан ұстауға ұсынылды. Өз кезегінде жауапкер айыппұлды төлеуге қарсылық танытып, жұмыс орнынан шығып кеткен.

Еңбек шартының шарттары бойынша жауапкер Серіктестікке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген залал шегінде келтірілген зақымдарды өтеуге міндеттенген.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен бұрынғы жұмыскерден регресс тәртібінде кәсіпорын пайдасына қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі