Астана қалалық соты шетелдік әріптестерді инновациялық технологиялармен таныстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін  елордалық сотқа Грузия Жоғарғы Сотының делегациясы келді.

Кездесуде «100 нақты қадам» - Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында жүргізілген сот реформасы талқыланды.

Астана қаласы бойынша Соттар Әкімшісінің басшысы Р. Тауымбеков  сот жұмысын ұйымдастыру және электронды технологияларды зерделеу шеңберінде сот жүйесіне енгізілген заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін мүмкіндіктерін көрнекі түрде көрсетіп, сот процестерін тоқтату және қайта өңдеу мүмкіндігінсіз дыбыс-бейне жазба жүйесінің артықшылықтары жайлы айтып берді. Шетелдік қонақтар сот отырысы залында ақпараттық жүйенің жұмысымен танысты.

Кездесу шеңберінде шетелдік әріптестер «Сот кабинеті» ақпараттық сервисімен танысты.

Сот төрағасы Т. Бәрпібаев Астана қалалық сотының құрылу тарихы туралы сөз сөйлеп, соттың құрылуы жас тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуымен тығыз байланысты екенін тілге тиек етті.

Кездесуді қорытындылай отырып, Грузия Жоғарғы Соты төрағасы Гвенетадзе Ниноның басшылығындағы делегация әріптестеріне жылы лебіздерін білдіргендері және сот жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялармен таныстырғандары үшін алғыс білдірді. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі