Жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін қоғамдық жұмыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы 17 шілдеде Х. «Тойота» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, солға бұрылу кезінде қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлікке жол бермей,  К.-ның басқаруындағы «SSang Young» маркалы көлігімен соқтығысқан.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Х.  ҚР ҚК 345 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 2 жылға көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру арқылы, 180 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі