ЖКО нәтижесінде келтірілген материалдық зиян өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы ақпан айында елорда тұрғыны «BMW» маркалы автокөлігін басқара алмай, «KiaRio» маркалы автокөлігімен соқтығысып, автокөліктің меншік иесіне материалдық зиян келтірді.

Астана қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен елорда тұрғыны ЖКО жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласы Алматы аудандық соты қала тұрғынынан материалдық шығын мен автокөліктің жоғалған тауар құнын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі