Жеңгетайлық үшін жауапкершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен сауна әкімшісі жеңгетайлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сотпен оған  1 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2017 жылы тамыз айында сауна әкімшісі пайдакүнемдік мақсатпен жеңгетайлық жасаған.

Өз ісінің қылмыстық әрекет екенін түсіне отырып, сауна әкімшісі телефонмен Б.-ны клиентке жыныстық қызмет көрсету үшін саунаға шақырып, сол үшін Б.-дан 4000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі