Жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016жылдың желтоқсан айында «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ мен жекек кәсіпкер арасында «жалпы мақсаттағы медициналық бұйымдар және жабдықтары» тауарларын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан.

Шартқа сәйкес жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 30 күнтізбелік күн.

 Алайда, жауапкермен шарт бойынша міндеттемелер орындалмады, тауарды жеткізбеді.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тани отырып, талап арызды қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі