Жеке кәсіпкер банкрот деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің «LUX HOLDING LTD» ЖК-ін банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Кәсіпорынның 2015 жылға салық қарызы бар.

Онымен қоса, Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексіне сәйкес, уәкілетті органмен мәжбүрлі түрде өндіріп алу шаралары жүргізілген, алайда нәтиже бермеді.

Қазіргі уақытта ЖК қарызын төлеуге жағдайы жоқ, өйткені жылжитын, жылжымайтын мүліктері мен басқа да материалдық активтері жоқ.

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 4-бабының 5-тармағына сәйкес борышкердiң дәрменсiздiгi оны сот тәртiбiмен банкрот деп жариялау үшін негiз болып табылады.

Сот шешімімен жеке кәсіпкер банкрот деп танылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі