Жастар арасындағы ұсақ бұзақылықтың алдын алу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында судьялардың, «Жас Отан» Жастар қанаты» ҚБ, Астана қаласы «Жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы», «Жас Отан» қалалық жастар қанаты» АҚФ, «Қазақстан студенттер Альянсы» РСҚ-ы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Судья Б.Н.Ахметқалиев, іс-шараның мақсаты қоғамдағы қылмысты төмендету және кәмелеттік жасқа толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу,  құқық бұзушылық жасаған  кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылықтын алдын алу шараларының тиімділігін арттыру болып табылатынын атап өтті.

Судья К.Ж.Архабаева қоғамдық тәртіпке және моральге қол сұғатын ұсақ бұзақылық секілді әкімшілік құқық бұзушылықтар, сондай-ақ бұзақылық жасаған кәмелетке толмаған жастарға міндетті түрде тәрбиелік шараларды қолдану арқылы әкімшілік жаза қолданылатынын тілге тиек етті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі