Жас ұрпақ құқықтық мемлекет үшін

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты Астаналық филиалы төрайымының бірінші орынбасары Б.Жанділдаевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кеңсе меңгерушісі отандық сот жүйесінде жүргізіліп отырған соңғы реформалар,  енгізілген ақпараттық технологиялар, сондай-ақ  сотта іске асырылып жатқан пилоттық жобалар жайлы әңгімелеп берді.

Өз кезегінде, Б.Жанділдаев жастар қанатының басты миссиясы – барлық жастарға табысқа жетудің жолын ашу және Қазақстанның келешекке сеніммен қарайтын табысты азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру деп атап өтті. «Жас Отан» ЖҚ орталық кеңесі 1,5 миллион адамның мүдделерін білдіреді (елдің барлық жастарынан 35%).

Кездесу соңында, қатысушылар ағымдағы жылдың соңына дейін партия жанындағы бастауыш ұйымдар үшін түсіндіру жұмысын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітуге келісті.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі