Ювеналды сотта дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ата-ана құқығынан айыру және оларды шектеу туралы азаматтық істердегі кейбір мәселелер туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға соттың судьялары, «Право» Қоғамдық коры, Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» өкілдері қатысты.

Бұл кездесудің маңыздылығы ата-ана құқықтарынан айыру және шектеу саласындағы заңнаманы қолданудың практикалық мәселелерінен туындап отыр.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар осы істерді қараған кезде алиментті қалпына келтіруге қатысты мәселелерді талқылады, баланың қамқоршысы анықталмаған немесе ол мемлекеттік мекемеге орналастырылмаған кезде балаға банкте шот ашу қажеттігін атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірінше, мемлекеттік құқық қорғау органдарының, қорғаншылық және қамқоршылық органдары тарапынан және тұтастай алғанда қоғамның отбасыларды қолдау, күшейту, қорғау және кәмелетке толмағандарға қатысты әділеттілікті дамыту жөніндегі өзара үйлесімді жұмыс және күш-жігер арқылы мемлекеттік отбасылық саясат саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге болады. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі