Әйел адам есірткі заттарын сатқаны және сақтағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 21 қарашасында Л. өз пәтерінде С.-ға 16 000 теңгеге 1,422 грамм героин есірткі затын сатқан.

Л.-ның пәтерінде іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері аса ірі көлемде, 3,1791 грамм есірткі затын тапқан, оны сотталушы жеке пайда табу мақсатында заңсыз сақтаған.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Л. ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен, 296-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптар бойынша 10 (он) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі