Ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы қаңтар айының 15 мен 23 аралығында Т. жәбірленушімен сенімді және жақын қатынаста болып, оның пәтеріне емін-еркін кіріп-тұру мүмкіндігі болуын пайдалып, жасырын түрде қымбат бағалы заттарды жымқырған және оны өз қалауы бойынша жұмсаған.

Өз танысының мүлкін ұрлағаннан кейін Т. екінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, ол елордалық сауда орталығының бірінде күзен тонын ұрлаған, алайда, тараптардың татуласуымен қылмыстық іс қысқартылған.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Т. ҚР ҚК 188 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, сотпен оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі