Тұтынушылардың құқықтарын қорғау - бірінші орында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үстіміздегі жылдың 13 қазанында Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Г.Шарапатова «Адилет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық ұйымның ұйымдастыруымен өткізілген «Дайындалатын және сатылатын жиһаз сапасы. Проблемалар және шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің ғимаратында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мемлекеттік құрылымның, шағын бизнес және сауда саласында қызмет көрсету, «Нұр Отан» ХП АФ, Астана қаласының «Сертификаттау және стандарттау Ұлттық орталығы» АҚ-ның өкілдерінің, БАҚ және тұтынушылардың қатысуымен өткізілді.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - дайындалатын және сатылатын жиһаздың сапасын жақсарту бойынша тығыз және жүйелік тәсіл негізінде мемлекеттік, сот органдарымен тұтынушылардың алдында туындайтын өзекті мәселелерді бірыңғай өзара іс-қимыл арқылы шешу.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айына қарағанда қоғамдық бірлестікке жиһаз жасау саласындағы көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша  80-нен астам өтініш келіп түскен (2016 - 47), оның ішінде 67 өтініш сотқа дейін шешімін тапқан.

Өз кезегінде, судья Г.Шарапатова тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша азаматтық істердің қараудың процессуалдық ерекшеліктерін статистикалық деректер келтіре отырып, түсіндіре кетті.

Кездесу соңында қатысушылар өзара іс-қимыл бойынша өзекті мәселелерде  пікір алмасты. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі