Тұрғын емес жайды қолданғаны үшін жалдау төлемі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Аэропорт Сары-Арка» АҚ-ы жеке кәсіпкерден тұрғын емес жайларды жалдау шарты бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінді.

2015 жылы тараптар арасында тұрғын емес жайды жалдау бойынша шарт жасалған.

Сот отырысы кезінде шарт пен заңнаманың талаптарын бұзу арқылы жауапкермен жалдау төлемі тиісінше жүргізілмегендігі анықталды, нәтижесінде қарыз сомасы пайда болды.

Азаматтық Кодекстің 546-бабының 1-тармағына сәйкес жалға алынған мүлiктi пайдалану үшiн төлемдi, шартта белгiленген тәртiп, мерзiм мен нысан бойынша жалға алушы төлейдi.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жеке кәсіпкерден жалдау төлемін өндіріп алды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі