Тәртіпсіздікке және құқық бұзушылыққа нөлдік төзбеушілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сот төағасы мен судьялардың, «Альянс студентов города Астана» ҚБ, «Туризм-Мир-Спорт» ҚБ өкілдерінің қатысуымен «Тәртіпсіздікке және құқық бұзушылыққа төзбеушілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы У.Рахматуллаев 2012 жылы Қазақстанда Мемлекет Басшысының бастамасымен тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтар үшін «нөлдік төзімсіздік» принципін іске асыру бойынша жұмыстар жіргізіліп жатқанын атап өтті. Күн сайын әрбір адам сағат 23.00 ден кейін тыныштықты бұзу, мас күйінде көлік жүргізу, қоқыс немесе темекі шегу, кіреберісте темекі шегу сияқты ұсақ құқық бұзушылықтарды кезіктіріп жатады.

Судья Г.К.Жолдасбаева қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын ұсақ құқық бұзушылықтарға түсініктеме берді. Сонымен бірге судья сотта 9 ай ішінде ұсақ бұзақылыққа қатысты 4000 әкімшілік істің қаралғанын, оның ішінде 973 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айта кетті.

«Біз азаматтардың қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс нормаларын қадағалап, жанындағыларға құрмет көрсетіп және қоғамдық тәртіпті сақтауы үшін іс-шаралар өткіземіз»,-деді Г.К.Жолдасбаева.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар кез-келген құқық бұзушылықты байқаған әрбір азамат уәкілетті органдарға хабарласуы керек деген пікірге келді.  

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі