Тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы 3 сәуірде Жапониядан әуежүкқұжатпен «В» ЖШС-ның мекен-жайына «байланыс жабдықтары» келді.

«В» ЖШС тауарды уақытша сақтау мерзімі өтуіне байланысты кеден заңнамасының белгіленген мерзімдерінің талаптарын бұзған.

 ҚР «Қазақстан Республикасындағы кеден істері туралы» Кодексінің 268 бабының 1 тармағына сәйкес тауарлардың уақытша сақтау мерзімі екі айды құрайды.

Сотта «В» ЖШС-нің өкілі құқық бұзушылықпен келісті, мерзімді ұзартуды және тәркілеусіз әкімшілік жаза қолдануды сұрады.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ЖШС-ны ҚР ӘҚБК 541 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, тәркілеусіз әкімшілік жаза ретінде 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі