Тараптар медиативтік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «А» ЖШС-ның «К» АҚ-дан қарызды өндіру бойынша азаматтық іс қаралды.                                    

Сот талқылау барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім ұсынды.  

ҚР АПК 48 бабының 1 бөлігіне сай, тараптар істі медиация тәртібімен бітіре алады.

Сот ұйғарысмымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі