Судьяны мерейтойымен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» РҚБ-нің Астана қаласы филиалының төрағасы Арман Жүкенов  Астана қаласы сотының судьясы Кенже Әшімұлы Ақтайлақовты салтанатты түрде 60-жылдық мерейтойымен құттықтады.

Арман Жүкенов осы айтулы күнмен құттықтай отырып, мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық бақыт және игілік тіледі.

К.Ә.Ақтайлақов көптеген жас судьяларға тәлімгер бола білді, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысып отырады.

Судьялық лауазымында сот төрелігін жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікпен қарайтын,  елеулі өмірлік және практикалық тәжірибе жинақтаған білікті заңгер екендігін көрсетті.

Осыдан кейін мерейтой иесіне ұжым атынан құттықтау хаты мен гүл табысталды. 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі