Судья Қазақ гуманитарлы – заң университетінің студенттерімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Б.Бияхметова Қазақ гуманитарлы – заң университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Б.Бияхметова «Сот шығындары. Азаматтық құқық саласындағы өкілдік» тақырыбында дәріс оқыды.

Б.Бияхметова сот шығындарын өтеу туралы өтініш тараптарды хабардар еткен соң сот отырысында сот қарауына жататындығын атап өтті. Уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар болған тараптардың сот отырысына келмеуі , өтінішті қарауға кедергі болмайды.

«Азаматтық құқықтармен реттелетін құқықтарды жүзеге асыруда, қарым-қатынас субьектілерінің мүдделерін қорғау және міндеттерін орындау кезінде тиісті органдардың қатысуынсыз тиісті іс-әрекеттер жасалуы мүмкін. Мүліктік қатынастардағы өкілдіктің жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 163-бабына енгізілген нормалармен қарастырылған»,- деді судья.

Кездесу соңында студенттер өз сұрақтарына жауап алды.           

 
Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі