Судья «Астана Ақшамы» республикалық газетіне сұхбат берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы А.Касымова «Астана Ақшамы» республикалық қоғамдық-саяси газетінің редакторына сұхбат берді.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, судья  сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтар туралы айтты, осындай шаралардың бірі нотариустармен атқарушылық жазба рәсімін жасауды енгізу болып саналады.  Атқарушылық жазба - атқару парағының күшіне ие, және ол бойынша өндіріп алу атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың  талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Судья «Нотариат туралы» Заңға енгізілген жаңашылдықтар азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталғанын тілге тиек етті.

Бүгінгі таңда Сарыарқа аудандық соты ғимаратында арнайы нотариустың кабинеті жұмыс істейді, оған кез-келген азамат жүгіне алады.

 

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі