Спирттік ішімдіктерді ішу қылмыс жасауға итермеледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылы 16 қыркүйекте М. Ж.-мен бірге елордалық кафелердің бірінде спирттік ішімдік ішкен.

Бірге уақыт өткізгеннен кейін ер адам әйелден ақшалай қаражат талап еткен, ол бас тартқан.

Талап етуін тоқтатпаған М. жәбірленушінің сөмкесін күштеп алып, қылмыс жасаған жерден бой тасалаған.

Жәбірленушіге 100 000 теңге көлемінде зиян келтірілген, алайда сотта ол М.-мен татуласқанын және оны қатты жазаламауларын өтінген.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 60-бабына сәйкес, жазалардың ішінара қосуы негізінде, оған 3 жыл 7 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі