Сотта өкілдік ету

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Г.Шарапатова «ҚазГЗУ» университетінің студенттеріне «Сотта өкілдік  ету» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында судья жаңа басылымдағы Азаматтық процестік Кодексінің 59-бабына  сәйкес,  іске қатысатын адамдардың  өтінуімен сот рұқсат еткен, жоғары заңгерлік білімі бар басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алатындығына тоқтала кетті. Сотта өкілдікті жүзеге асыру үшін аталған тұлғалар сотқа жоғары заңгерлік білімі бар екендігін куәландыратын құжат ұсынулары қажет.

«Халыққа жолдаған Жолдауында Мемлекет басшысы құқықтық саясаттың негізгі мәселелерінің бірі, азаматтармен соттың қорғау құқығын жүзеге асыру  екенін және бұл үшін сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдету қажеттігін атап өтті»,- деді Г.Шарапатова.

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі